Egov.kz
Электрондық үкімет порталы – мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. www.egov.kz веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез келген нүктесінен өтініш бере, анықтама ала, салық немесе айыппұл төлей алады немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы біле алады.
